UFC 310. Шавкат Рахмоновтың қарсыласы кім?

Кеше, 17:44
357
Бөлісу:
UFC 310. Шавкат Рахмоновтың қарсыласы кім?
Фото: ufc.com

8 желтоқсанда файтер Шавкат Рахмонов UFC 310 турнирінде ирландиялық Иэн Гэрримен кездеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін Шавкат жартылай орта салмақтағы чемпион Белал Мұхаммедпен кездесуі керек еді, бірақ ол жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Нәтижесінде Иэн Гэрри жаңа қарсылас ретінде таңдалды.

Иэн Гэрри бокспен 10 жасынан бастап айнаысқан. Ол өзінің алғашқы әуесқой жекпе-жегін 19 жасқа өткізіп, кәсіби деңгейдегі дебюті 21 жасында бастады.
Иэн Гэрри 27 жаста, оның кәсіби рекорды 15 жеңіс пен 0 жеңілістен тұрады. Жалпы алғанда Шавкаттың 18-0 көрсеткішіне ұқсас. Ол дзюдоның қара белбеу иегері және бокста да мықты шебер атанған. Соңғы рет 2024 жылдың маусымында Майкл Пэйджді жеңген болатын. Бұл жекпе-жекте ол Таиланд бапкерімен дайындықтарын күшейтіп, техникалық шеберлігін арттыруға көп көңіл бөлуде.

Иә, біз Иэнмен бір залда жаттыққанбыз, бірақ біз дос емеспіз. Мен оны қарсылас ретінде құрметтеймін. Спарринг – бір бөлек, ал жекпе-жек мүлдем басқа нәрсғ. [еск -Спаррингте] біз өте мұқият, қатты күш салмай жұмыс істедік. Шаршы алаңда қайсымыз мықты екенімізді көреміз. Бәрі жекпе-жекте анықталады. Мен барымды саламын. Өзімді мықты жауынгер деп есептеймін, – деді Шавкат UFC баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін жекпе-жек 5 раундқа жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы