Лас-Вегаста UFC 285 турнирінде Шавкат Рахмонов (16-0) америкалық Джефф Нилмен (15-4) кездесті, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Алғашқы екі раундта файтерлер тең деңгейде айқасты. Кейін жиі соққылар алмасу басталды. Үшінші раундта Шавкат қарсыласын алаң шетіне қысып, тұншықтыру әдісімен жеңді.
Бұл Шавкаттың UFC-дегі бесінші жеңісі.