Нұр-Cұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылдың сәуір айынан бастап "Үкіметтік емес ұйым академиясы" әлеуметтік жобасы басталды.
Бұл жобаны "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамалар орталығы" ҚБ жүзеге асырады.
Еске салайық, 2022 жылғы 16 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге жәрдемдесудегі елеулі үлесін және елдегі азаматтық сектордың рөлін арттыру қажеттілігін атап өткен болатын.
"ҮЕҰ академиясы" әлеуметтік жобасының мақсаты: нысаналы топтарды сүйемелдеу процесінде және қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуде көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін ҮЕҰ өкілдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру арқылы олардың қызметін кәсібилендіру.
Жобаны іске асыру мерзімі 3 жыл – 2022 жылғы наурыздан 2024 жылғы желтоқсанға дейін.