Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында айтты.
Ерғалиев атап өткендей, ауыл шаруашылығында өсім 2%-ды құрады.Биыл қаңтар-тамызда 8,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Көрсеткіштің өсуі 10,5%-ды құрады. Есепті кезеңде барлық өңір оң өсім көрсетті. Ең жоғарғы өсім Атырау, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында байқалады, - деді ол.
Осыған дейін ол сыртқы сауда айналымы қанша теңгеге жеткенін айтқан еді.14 өңірде оң динамика тіркелді. Ең жоғарғы өсуді Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстары көрсетті. Барлық көрсеткіш бойынша оң өсу 5 өңірде - Шымкент қаласында, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау облыстарында байқалады. Ал 6 көрсеткіш бойынша 8 өңірде өсу байқалады. 3 өңірде 5 көрсеткіш бойынша өсу тіркелді. Батыс Қазақстан облысында тек 3 көрсеткіш бойынша өсу байқалды. Орталық және жергілікті атқарушы органдарға келесі шараларға назар аудару ұсынылып отыр, - деді министр.