Қазақстанның соңғы жаңалықтары

УЕФА чемпиондар лигасының жеребесі ЖИ арқылы анықталады

Әсел ӘБІЛБЕК
28 Тамыз 2025, 11:02
1226
Бөлісу:
 sport5.by
Фото: sport5.by

Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде 36 команда өнер көрсетеді. Соның 29-ы тікелей жолдама алса, ал 7-еуі іріктеу кезеңінен өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Олардың қатарында алматылық "Қайрат" та бар. Қазақстандық клуб алғаш рет өз тарихында басты кезеңге шықты. 

Командалар УЕФА-ның клубтық рейтингіне сәйкес төрт себетке бөлінеді. Жеребе барысында әр клуб өз қарсыласын анықтайды. Нәтижесінде әр команда 8 матч өткізеді. Төртеуін өз алаңында, төртеуін сырт алаңда ойнайды. Әр команда әр себеттегі екі клубпен матч өткізеді. Біреуі өз алаңында, екіншісі – сырт алаңда. 

1-8 орын иеленген командалар бірден 1/8 финалға өтеді. 9-24 орын алған клубтар 1/16 финалда қосымша матч өткізіп, жеңімпаздар плей-оффтағы үздік сегіздікке қосылады.

25-36 орын алған командалар үшін турнир осымен аяқталады.

Биылғы маңызды жаңалық жеребе тарту рәсімі алғаш рет жасанды интеллект негізіндегі EA LIVE бағдарламасы арқылы жүзеге асады. Бұл жүйе жеребенің барынша әділ әрі заманауи өтуіне мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы