Павлодар облысында учаскелік инспектор қар құрсауында қалған көлікті шығаруға көмектесті. Лимузин ішінде жаңа туған сәби мен анасы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл күндері қатты аяз бен боран болып тұр. Тәртіп сақшылары тәулік бойы патрульдеу жүргізеді. Қызмет көрсетілетін аумақты патрульдеу кезінде Кемеңгер ауылының учаскелік инспекторы Қанат Әбілдинов қар құрсауында қалған лимузинді байқады.
Жүргізуші жаңа туған нәрестені анасымен бірге перзентханадан алып келе жатқанын, бірақ қарға батып қалғанын айтты. Учаскелік инспектор көлікті қардан шығаруға көмектесті, сүйреткіш арқанды көлікке байлап, шығарып алып, үйіне дейін жеткізіп салды. Көлік жүргізушісі және оның жолаушылары учаскелік полиция қызметкеріне алғыс білдірді.
Анасы мен шақалақ үйлеріне аман-есен жетті. Тусқандары қарсы алды, – деді полиция қызметкері.