ҰБТ-дан 139 ұпай жинаған екі түлектің нәтижесі жойылды

11 Маусым 2022, 09:55
1514
Бөлісу:
ҰБТ-дан 139 ұпай жинаған екі түлектің нәтижесі жойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҰБТ-дан 139 ұпай жинаған екі түлектің нәтижесі жойылды. Бұл туралы БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір 100-ден аса жоғары ұпай жинаған талапкерлердің бейнежазбасы қосымша тексерістен өткізіп жатыр.

Оның айтуынша, талапкерлердің бейнежазбаларын қайта тексеру барысында ереже бұзу фактілері анықталған. Тиісті шара қолданып, түлектің ұпайы жойылған.

Сіздер ҰБТ-да өз білімдеріңізбен жоғары ұпай жинасаңыздар, біз қатты қуанамыз. Бірақ академиялық адалдық қағидаларын сақтамай, оңай тапсыру жолдарына жүгінетін талапкерлер бар. Сондықтан сіздерге қуанышты жаңалықты айтар алдында қосымша тексеріс жүргізуді жөн көрдік. Өкінішке қарай, талапкерлердің бейнежазбаларын қайта тексеру барысында ереже бұзу фактілері анықталды. Тиісті шаралар қолданып, түлектің ұпайын жойдық. Құрметті талапкерлер! Өзіңізді де, өзгелерді де алдаудың қажеті жоқ. Ең дұрысы армандарыңызға адал жолмен жетіңіздер. ҰБТ-2022-де терең білімінің арқасында 140 ұпай жинайтын тест тапсырушы табылады деп сенеміз. Ол дәл СІЗ болуыңыз мүмкін, біз СІЗДІ күтеміз!, – деді  ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Руслан Емелбаев.

Сондай-ақ ол дәл қазір 100-ден аса жоғары ұпай жинаған талапкерлердің бейнежазбасын қосымша тексерістен өткізіп жатқанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы