ҰБТ аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш беруге болады

22 Мамыр 2023, 16:31
1237
Бөлісу:
ҰБТ аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш беруге болады
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бұл туралды бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «2023 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу туралы» брифинг барысында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Руслан Емелбаев тестілеу процесі қалай жүзеге асатынын жетізді. Оның айтуынша, тестілеуге кіргізу кезінде қол және рамалық металл іздегіштер пайдаланылады. Бұл талапкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ережелерді бұзу мен тыйым салынған заттарды (ұялы телефон, шпаргалка) алып өтудің алдын алу үшін қажет.

Тестілеу барысында талапкерлер үшін «Информатика» пәнін қазақ тілінде тапсырушылар үшін терминдердің орысша және ағылшынша, орыс тілінде тапсырушыларға қазақша және ағылшынша, ағылшынша тапсырушыларға қазақша және орысша аудармасы ұсынылады. Сондай-ақ, калькулятор мен Менделеев кестесі компьютер экранында көрсетіледі.

Талапкерлердің пікірі мен қалауын ескере отырып, негізгі ҰБТ-да оларға Менделеев және тұздардың ерігіштік кестесінің қағаз нұсқасы беріледі. Тестілеу аяқталған соң әр пән бойынша жеке тақырыптық талдау қолжетімді болады. Балалар өз нәтижелерін ғана емес, сондай-ақ қандай тақырыптардан қате жібергендерін көріп, ҰБТ-ның екінші мүмкіндігіне дайындығын жақсарта алады. Тестілеудің электронды форматқа өтуінен кейін тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Сертификат аппеляциялық комиссияның шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады,-дейді Руслан Емелбаев.

Айта кетейік, ҰБТ аяқталғаннан кейін 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда талапкердің ҰБТ нәтижелері жойылады. Биыл талапкерлерге 88 мың грант бөлінді

Өзгелердің жаңалығы