Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҰБТ алдында ата-аналарға ескерту жасады

18 Маусым 2020, 19:20
2215
Бөлісу:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҰБТ алдында ата-аналарға ескерту жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 маусымда бүкіл республика бойынша мектеп оқушылары өміріндегі басты оқиғалардың бірі - ұлттық бірыңғай тестілеу басталады.

Бұл тестілеудің сәтті өтуінің арқасында түлектердің жоғары оқу орындарында әрі қарай ақылы немесе мемлекеттік гранттың негізінде тегін білім алуы анықталады.

Тестілеудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен еліміздің барлық аймағында жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына арнайы мониторинг топ, "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдері және Агенттік қызметкерлері кірді. Бұл топтың негізгі мақсаты - тестілеудің "тазалығын" бақылау. Қандай да бір сәйкессіздіктер немесе тестілеуді адалсыз тапсыру жағдайлары анықталғанда, олар бұл туралы жауапты тұлғаларға хабарлауға міндетті, - делінген хабарламада.

Қазір Агенттік әлеуметтік желілерде, WhatsApp мессенджерлеріндегі ата-аналар топтарына мониторинг ұйымдастыруда. Оның нәтижесінде Ұлттық бірынғай тестілеуден оң нәтижеге қол жеткізуге жәрдем көрсету бойынша белгісіз азаматтар анықталуда.

Осыған байланысты Агенттік оқушыларды тек өз білімдеріне ғана сүйене отырып тест тапсыруға шақырады, ал ата-аналарды тестілеу қорытындысы бойынша оң баға алу мақсатында пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілік және бас бостандығынан айыру көзделгенін ескертеді. Егер азаматтар осындай жағдайға тап болса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы 1424 Call-орталыққа қоңырау шалу қажет, - деді ведомстводағылар.

Жалпы, Агенттік Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп парасаттылық пен академиялық адалдық идеологиясын ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Өзгелердің жаңалығы