Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ҰБТ 2027 жылы қалай өзгереді? – министрлік түсіндірді

Олжас АДАЙ
6 Қаңтар 2026, 15:01
597
Бөлісу:
 ОКҚ
VIDEO
Фото: ОКҚ

Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитетінің төрайымы Гүлжан Жарасова Үкіметтегі брифингте ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) форматына өзгерістер енгізілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл – жоғары оқу орындарына түсуге арналған емтихандардың бір түрі. Қазіргі уақытта ҰБТ білімге бағытталған, сонымен қатар математикалық және академиялық сауаттылық бойынша аналитикалық дағдылар да бағаланады. Жасанды интеллект пен ақпараттық технологиялар кеңінен енгізіліп, білім алу тәсілдері өзгеріп жатқан жағдайда мектеп пәндерінен бөлек, талапкерлер әртүрлі дереккөздерден қосымша ақпарат меңгереді. Осы тұрғыда бізге талапкерлердің қандай аналитикалық және сыни ойлау дағдыларымен келетінін түсіну маңызды. ҰБТ дәл осы бағытта жетілдіріліп жатыр. Алайда биыл ҰБТ форматы өзгермейді, – деді Гүлжан Жарасова.

Оның сөзінше, келесі жылдан бастап тапсырмалардың мазмұны талапкерлердің дағдыларын анықтауға мүмкіндік беретін халықаралық стандартталған тестілерге бейімделеді.

Бұл талапкерлерге қосымша жүктеме түсірмейді, керісінше олардың білімді қаншалықты меңгергенін және алған білімін болашақта оқу барысында қалай қолдана алатынын көрсетуге мүмкіндік береді. Сондықтан қосымша салмақ болмайды, – деп түйіндеді спикер.

Өзгелердің жаңалығы