Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Абдрасилов талапкерлердің неше пайызы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсыратынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Орталық директоры атап өткендей, қазіргі таңда 181 мың талапкер негізгі ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген.
Оның ішінде тапсырушылардың 75%–ы қазақ тілінде, 24,9%-ы орыс тілінде, 221 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдірді. Атап өтсек, талапкерлер тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдайды, - деді Абдрасилов.
Оның айтуынша, талапкерлер екі мүмкіндік үшін бейіндік пәндердің бір ғана комбинациясын белгілейді. Комбинацияларға келетін болсақ, қазіргі таңда талапкерлердің 16%-ы «Математика-Физика», 16%-ы «Биология-Химия», 13%-ы «Шығармашылық», 11%-ы «Математика-Информатика» пәндерін таңдады.