ҰБТ-2021: Электронды форматтың қағаз форматтан артықшылығы неде?

2 Шілде 2021, 16:12
2527
Бөлісу:
ҰБТ-2021: Электронды форматтың қағаз форматтан артықшылығы неде?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен брифингте БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев биылғы электронды форматта өткен ҰБТ-ның қағаз форматтан артықшылығын айтып берді.

Электронды форматтағы академиялық адалдық және объективтілікті қамтамасыз ету үшін нұсқалар онлайн форматта қалыптастырылды. Бұрын сұрақтардың, нұсқалардың қайталанып кетуі болса, қазіргі уақытта электронды форматта мұндай проблемалар болған жоқ. Сонымен қатар дұрыс жауап кодтары кездейсоқ форматта жасалынды. Яғни олардың қайталану мүмкіндігі болған жоқ, - деді ол.

Электронды форматтығы ҰБТ-ның қағаз форматтан артықшылығы көп болғанын жеткізді.

Ол қандай артықшылықтар:

- талапкер тестілеу күні мен орнын өзі таңдау мүмкіндігі;

- тестілеу уақытын үнемдеу. Жауап парағының шеңберлерін бояудың орнына тестіленуші пернелерді басуы керек;

- алдыңғы тест тапсырмаларында таңдалған жауаптарды қайта өзгерту мүмкіндігі;

- тестілеу нәтижелерін өңдеу кезінде кездесетін қателерді болдырмау, яғни жауап парағында боялған немесе жартылай боялған жауаптарды сканердің дұрыс оқымауы, жауап парағын толтыру барысында басқа секторлардың боялып кетуі және т.б;

- тестіленуші қате толтырылған деректерін өзгертуге, сондай-ақ тапсыру тілін, пәндерін ауыстыруға мүмкіндігі бар;

- тестілеу нәтижелері аяқталғаннан кейін бірден сол жерде, сонымен қатар Жеке кабинетте көрсетіледі;

- тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру мүмкіндігі бар;

- тестілеуді өткізу рәсімін тұрақты бақылау жүргізіледі («бір тестіленуші-бір камера» қағидаты бойынша бейнебақылау камералары, ахуалдық орталық, Face ID жеке басын сәйкестендіру);

- калькулятор, мерзімді кестелер және тұздардың ерігіштігі компьютерде орнатылған - бәрі қолында;

- нұсқалар мен дұрыс жауаптар кодтарының бірегейлігі. Тестіленушінің нұсқасы кездейсоқ іріктеу әдісін қолдану арқылы оны қосымшада авторизациялау сәтінде ғана қалыптастырылатын болады. Сонымен қатар, тест тапсырмаларының жауаптары жоғарыда аталған әдіс негізінде де таратылады. Кездейсоқ таңдау әдісін қолдану тест нұсқаларының бірдей болу ықтималдығын да, түсушілердің дұрыс жауаптарының кодтарының сәйкес келу ықтималдығын да жоққа шығарады.

Бұған дейін Әділет Тойбаев 13 шілдеде грантқа құжаттар қабылдау басталатынын хабарлаған болатын.
Өзгелердің жаңалығы