"Уайымдамаңыздар". Жаңаөзендік мұнайшылар жерлестеріне видео жолдады

12 Сәуір 2023, 08:05
2947
Бөлісу:
"Уайымдамаңыздар". Жаңаөзендік мұнайшылар жерлестеріне видео жолдады
Фото: baq.kz

Астанадағы Энергетика министрлігі ғимаратының жанында пикетке шыққан жаңаөзендік мұнайшыларды полиция ұстаған болатын. Мұнайшылар бүгін өздерінің амандықтарын айтып, видео жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біз дін аманбыз, деніміз сау, балаларымыз түгел. Бұйырса, ауылымызға аттанамыз. Еш уайымдамаңыздар. Барша Маңғыстау мұнайшыларына алғыс білдіреміз! - деп мәлімдеді белсенді азамат.

Айта кетейік, бұған дейін Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақов бейнеүндеу жасаған.

Нұрлан Ноғаев Маңғыстау тұрғындарын тыныштық сақтауға шақырғанын хабарлағанбыз.

Өзгелердің жаңалығы