Уақыт пен орын өзгерді: Түркия оппозициясы басқаша әрекетке көшті

Кеше, 04:10
1616
Бөлісу:
Уақыт пен орын өзгерді: Түркия оппозициясы басқаша әрекетке көшті
Фото: x.com/cumhuriyetgzt

Түркия оппозициясы Ыстанбұл әкімдігінің алдындағы Сарачхане орталық алаңдағы кешкі митингті тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

РИА Новости таратқан мәліметке сәйкес, жаңа наразылық шерулері сенбі күні күндіз қаланың Азия бөлігінде өтеді.

Бұл туралы Түркияның оппозициялық Халық-демократиялық партиясының (СНР) көшбасшысы Озгюр Өзел мәлімдеді.

Еске салайық, 23 наурызда Ыстанбұлдың қылмыстық соты қала мэрі Экрем Имамоглуны қамауға алған болатын. Оған жемқорлық пен Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясына (КЖП) қолдау көрсетті деген айып тағылған. Мэр ұсталған соң қаланың орталық көшелеріндегі қауіпсіздік шараларына қарамастан жаппай наразылық шаралары басталды.

Ыстанбұлдың қамауға алынған мэрі Экрем Имамоглуны қолдауға арналған наразылық акциялары биліктің тыйым салғанына қарамастан 19 наурыздан бері Сарачхане алаңы мен елдің бірнеше қаласында өтуде.

Өзел қаланың қамаудағы мэрмен ақылдаса келе, наразылық шаралары өтетін орынның ауысатынын айтты. Себебі әкімдік алдындағы алаң Рамазан Айт мерекесіне орай балаларға арналған ойын-сауық шараларын ұйымдастыру үшін қолданылатыны белгілі болған. Наразылық шерууін дауыс беру арқылы қаланың басқа бөлігіне ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Сексен пайыз дауыс Малтепеге дауыс берді, сондықтан сенбі 12.00-де сол жерде жиналамыз, - деді Өзел.

Айтуынша, митингте президенттікке мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы талап қойылады.

Малтепе саябағы – аумағы 120 гектардан асатын Мәрмәр теңізінің жағасындағы саябақ. Оны түркиялық БАҚ әлемдегі ең үлкен саябақ деп атайды. Сарачханеге қарағанда, қаланың орталық аудандарынан алыста орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы