Уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты eGov.kz порталы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін

27 Ақпан 2024, 15:47
1604
Бөлісу:
Уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты eGov.kz порталы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін
Фото: ortcom.kz

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бірыңғай UTC +05.00 уақыт белдеуіне көшуге байланысты 2024 жылғы 29 ақпанда сағат 22:00-ден 2024 жылғы 1 наурызда 02:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізіледі, - делінген компания таратқан хабарламада.

Осы уақыт аралығында келесі жобалар:

- eGov.kz порталы және оның құрамдас бөліктері;

- egov mobile мобильді қосымшасы;

- «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;

- «Техникалық бақылау» бірыңғай ақпараттық жүйесі;

- «e-Otinish» электрондық өтініштер қызметі;

және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жүргізетін басқа да ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік дерекқорлар үшін қысқа мерзімді қолжетімсіздік болуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы