Уақыт белдеуінің ауысуы денсаулыққа әсерін тигізгіп жатқан жоқ – министр

11 Маусым 2024, 12:01
5656
Бөлісу:
Уақыт белдеуінің ауысуы денсаулыққа әсерін тигізгіп жатқан жоқ  – министр
Фото: Үкімет

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова уақыт белдеуінің өзгеруіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәселе бірнеше жылдан бері талқыланды. Бұл жүмысқа еліміздегі ғылыми орталықтар тартылды. Сондықтан толық шешім ғылыми деректерге сүйене отырып жасалды. Екіншіден, сағат белдеуі өзгергеннен соң айтарлықтай ауруханаларға түсіп жатқан науқастар санын байқап отырған жоқпыз. Сол себепті денсаулыққа әсерін тигізген жоқ деп айтуға толық негіз бар, – деді Әлназарова үкіметтің баспасөз мәслихатында.

Ол уақыт мәселесін көбіне Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары көтеріп отырғанын айтады. Алайда, Әлназарова денсаулыққа қатысты мәселе көріп тұрған жоғын айтты.

Өзгелердің жаңалығы