Уақыт белдеуіне қатысты сауалнама неге жоғалып кетті?

Бүгiн, 18:02
125
Бөлісу:
Уақыт белдеуіне қатысты сауалнама неге жоғалып кетті?
Фото: pixabay.com

Еgov mobile қосымшасындағы уақыт белдеуіне қатысты сауалнама неге алынып тасталғаны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналист министрге "Өткен аптада eGov mobile қосымшасында уақыт белдеуіне қатысты сауалнама шықты. Бірақ ол көпке созылмады. Демалыс күнінен кейін алынып тасталды. Бұл сауалнаманы кім жариялады? Хабарыңыз бар ма? Неге сауалнама алынып тасталды? деп сұрады. 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Жаслан Мәдиев сауалнамаға тапсырыс Ғылым және жоғары білім министрлігінен түскенін айтады.

Министрлік уақыт белдеуінің өзгеруіне қатысты мәселелерді анықтауды көздеді. Осыған байланысты 200 мың қатысушыға жеткеннен кейін олар сауалнама нәтижелерін әрі қарай талдауға дайын екендіктерін айтты. Сол себепті 200 мың респондентке жеткеннен кейін сауалнама аяқталған, - деді Мәдиев.

Министр сауалнамаға неге тек 200 мың адам қатысқанын түсіндірді.

Бұл – зерттеу, дауыс беру емес. Зерттеу мақсатында белгілі бір уақыт аралығында сауалнама жүргізілді. Бұл сауалнама арқылы қандай да бір ақпарат немесе түсінік алу көзделген, - деді Цифрлық даму министрі.

Өзгелердің жаңалығы