ТЖМ жауабы: Қай өңірде өрт көп болады?

27 Қыркүйек 2023, 15:46
864
Бөлісу:
ТЖМ жауабы: Қай өңірде өрт көп болады?
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бұл жайында Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марғұлан Аманбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елімізде жыл сайын 10 мыңнан астам өрт балады, нәтижесінде 300-ден астам адам қайтыс болады. Бұл ретте өрттер мен қаза тапқандардың негізгі бөлігі тұрғын үй секторында тіркелген. Өздеріңіз білетіндей, биыл 1 қазанынан бастап республика бойынша жылыту кезеңі басталады. Қазірдің өзінде елімізде 7 560 өрт тіркеліп, 229 адам қаза тапты, - деді Марғұлан Аманбаев.

Аманбаевтың дерегінше, былтырғы жылмен салыстырғанда адамдар өрттен көбірек қаза тапқан.

Өңірлердегі статистикаға бойынша, Абай (46%), Алматы (33%), Қостанай (26%), Жамбыл (20%) облыстарында өрттердің көбейгені байқалады.Сол сияқты Жамбыл (11 жағдайға), Шығыс Қазақстан (9 жағдайға), Шымкент (8 жағдайға), Алматы қаласында (5 жағдайға) қаза тапқандар саны артты.

Қаза тапқан азаматтар туралы айтатын болсақ, 86 адам мас күйінде болған. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда тұрғын үй секторында жарақат алу фактілері тіркелген. Мысалы, Семей қаласында тек қыркүйекте (9-ы және 19-ы) қатты отынмен жылытылатын пешті пайдалану ережелерін бұзғандықтан 4 адамның уланып ауруханаға жатқызылған екі факті тіркелген, - деді спикер орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Өзгелердің жаңалығы