ТЖМ тікұшағы жасөспірімді шұғыл түрде Талдықорғанға жеткізді

Ұшқыштар мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің нәтижесінде науқас қауіпсіз түрде жеткізілді.

 ТЖМ баспасөз қызметі 16 Ақпан 2026, 23:28
16 Ақпан 2026, 23:28
1104
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Қазавиақұтқару ұшқыштары санитариялық авиация дәрігерлерімен бірлесіп кезекті шұғыл тасымалдауды жүзеге асырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тікұшақ 2010 жылы туған жасөспірімге жедел медициналық көмек көрсету мақсатында Талдықорған – Жаркент – Талдықорған бағыты бойынша санитариялық рейс орындады.

Ұшқыштар мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің нәтижесінде науқас қауіпсіз түрде жеткізіліп, мамандардың қарауына тапсырылды.

ТЖМ тікұшақтары шалғай елді мекендер арасындағы қашықтыққа қарамастан, шұғыл медициналық көмек көрсетуге әрдайым дайын.

Наверх