Солтүстік Қазақстан облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» авиациясы санитарлық авиация дәрігерлерімен бірлесіп шұғыл санитарлық эвакуация жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
1977 жылы туған азамат Тайынша ауданының Қарағаш ауылында үйінің жанында құлап, жарақат алған. Мамандандырылған медициналық көмек қажет болғандықтан, науқасты санитарлық тікұшақпен тасымалдау туралы шешім қабылданды.
Қысқа уақыт ішінде санитарлық ұшу ұйымдастырылып, зардап шеккен азамат Петропавл қаласындағы медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында, қажетті ем қабылдап жатыр.