ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазавиақұтқару тобы санавиация дәрігерлерімен бірлесіп, төрт айлық сәбиді Қармақшы ауданына қарасты Төретам кентінен Қызылорда облысының медициналық мекемесіне шұғыл түрде жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мамандардың айтуынша, баланы дереу арнайы медициналық көмекке жеткізу қажет болған.
Ұшқыштар кішкентай науқасты ұқыпты және жылдам тасымалдап, облыс орталығына аман-есен жеткізді.
ТЖМ мәліметінше, экипаждың үйлесімді әрекеті, тікұшақтың техникалық дайындығы және санавиация дәрігерлерінің кәсібилігі нәрестенің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді.