ТЖМ тікұшағы науқасты шұғыл түрде Павлодарға жеткізді

Науқасқа шұғыл әрі мамандандырылған медициналық көмек қажет болған.

 ТЖМ баспасөз қызметі 20 Ақпан 2026, 05:18
20 Ақпан 2026, 05:18
1000
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

"Қазавиақұтқару" әуе кемесінің экипажы Павлодар – Екібастұз – Павлодар бағыты бойынша санитарлық рейс орындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Науқасқа шұғыл әрі мамандандырылған медициналық көмек қажет болған. Ұшқыштар Саукинбек Керим мен Асилхан Азаматтың, сондай-ақ медициналық бригаданың кәсіби және үйлесімді әрекетінің нәтижесінде пациент дер кезінде емдеу мекемесіне жеткізілді.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы санитарлық тапсырмаларды орындауға әрдайым дайын. «Қазавиақұтқару» тікұшақтары елдің ең шалғай аймақтарына да ұшып, адам өмірін сақтап қалуға қызмет етеді.

Наверх