Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» авиациясының тікұшағы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының аудандық ауруханасында ауыр хәлде жатқан 1951 жылы туған тұрғынды шұғыл түрде эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Санитарлық авиация желісі арқылы ер адам жедел медициналық көмек көрсету үшін облыс орталығындағы мамандандырылған ауруханаға жеткізілді.
Экипаж бен медициналық бригаданың үйлесімді әрі жедел іс-қимылы тасымалдау уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік беріп, науқасты тиімді емдеуге қолайлы жағдай жасады.