Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ТЖМ тікұшағы науқас әйелді Көкшетауға шұғыл түрде жеткізді

26 Қыркүйек 2025, 21:48
503
Бөлісу:
 ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» әуе құрамасы санитарлық авиация дәрігерлерімен бірлесіп, 1960 жылы туған әйелді Есіл қаласынан Көкшетауға шұғыл жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұшқыштар мен медицина мамандарының үйлесімді жұмысының арқасында науқас облыс орталығындағы медициналық мекемеге дер кезінде жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына берілді.

ТЖМ мәліметінше, тікұшақтар шалғай елді мекендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін әрдайым дайындық режимінде жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы