Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазавиақұтқару" әуе жасағы санитарлық авиация дәрігерлерімен бірлесіп, Ақмола облысында шұғыл медициналық эвакуация операциясын жүзеге асырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ мәліметінше, 1997 және 1998 жылы туған ерлі-зайыптылар Ақкөл қаласынан Көкшетауға жедел жеткізілді. Науқастардың жағдайына байланысты ұшқыштар екі рейс орындаған.
Министрлік мәліметінше, ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді іс-қимылының арқасында зардап шеккендер қысқа уақыт ішінде облыс орталығына жеткізіліп, қазіргі таңда қажетті медициналық көмек алып жатыр.
ТЖМ баспасөз қызметі атап өткендей, «Қазавиақұтқару» тікұшақтары елді мекендердің алшақтығын ескере отырып, шұғыл көмек көрсетуге үнемі дайын.