Алматы облысында осы түнде жоғалып өздері 112 нөміріне хабарласқан туристерге құтқарушылар көмек көрсету үшін тауға аттанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ауа райына қарамастан, РЖҚЖ құтқарушылары 88 шақырымнан астам жүріп өтіп, Талғар ауданының Бутаков шатқалына барды.
Құтқарушылар жаяу Лесная асуына қарай көтеріле бастап, онда Украина азаматы болып табылатын адасқан ер мен әйел адамды тапты. Жастарға жылы киім мен шай берілді, содан кейін оларға қауіпсіз жерге түсуге көмектесті, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.
Туристерге медициналық көмек қажет болмады.