Оқиға Петропавл қаласының көпқабатты үйлердің бірінде болды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Онда қарт кісі өзінің пәтерінде құлап, өздігінен көтеріле алмаған. Зардап шегушінің қызы құтқарушыларға 112 нөмірі арқылы хабарласып, көмек сұраған.
Құтқарушылар терезеге сатымен көтеріліп, шанс саймандарының көмегімен терезені бұзбай ашып, пәтерге кірді. Егде жастағы пәтердің иесін бөлмеде дәрменсіз күйде жатқанын анықтап, есікті іштен ашып зардап шегушінің туысқандарын кіргізді, - делінген ақпаратта.