Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ТЖМ қызметкерлері қар құрсауында қалғандарға көмектесті

26 Қаңтар 2025, 13:32
513
Бөлісу:
 видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Қостанай облысының Сарыкөл ауданында 5 адам, оның ішінде 2 бала мінген жеңіл көлік жолдан шығып қарда батып қалған.

ТЖМ құтқарушылары вахтовкамен оларға жетіп, көлікті қардан тартып шығарып, оларды жақын маңдағы елді мекенге дейін жеткізді. Медициналық көмекке мұқтаж болғандар жоқ.

ТЖМ ауа райы туралы ескертуге назар аударуды және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тысқары шығудан аулақ болуды ұсынады!

Өзгелердің жаңалығы