ТЖМ қызметкерлері көлік жөндеу орталығындағы өртті сөндірді

Бүгін таңертең Орал қаласының өндірістік аумағында орналасқан көлік жөндеу орталығында өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

30 Қаңтар 2025 2025, 13:07
АВТОР
 BAQ.KZ  архив 30 Қаңтар 2025 2025, 13:07
30 Қаңтар 2025 2025, 13:07
673
Фото: архив

Бүгін таңертең Орал қаласының өндірістік аумағында орналасқан көлік жөндеу орталығында өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоғары ранг бойынша жедел келіп жеткен өрт сөндіру есептоптары техникалық қызмет көрсеті бекетінің 3 боксы ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. 

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында ғимараттың бүкіл периметрі бойынша өрттің таралуын тоқтатуға мүмкіндік туды. Өрт сөндірушілер екі автокөлікті құтқарды, ал өрт ошағы аймағында орналасқан үш автокөлік зардап шекті. 

Өрт 250 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Наверх