ТЖМ қызметкерлері 7 шетел азаматын құтқарды

 ТЖМ 1 Қаңтар 2025 2025, 20:41
1 Қаңтар 2025 2025, 20:41
794
Фото: ТЖМ

ТЖМ қызметкерлері 7 шетел азаматын құтқарды.

Ақтөбе облысы Хромтау қаласынан 20 шақырым жерде «Донское-Бадамша» автожолының 27 шақырымында минивен қар үйіндісіне тұрып қалып, қозғалысын жалғастыра алмады. Жүргізуші 112 нөміріне хабарласты.

Құтқарушылар оқиға орнына барып, жоғары өтімді техниканың көмегімен ішінде 7 Тәжікстан азаматы бар көлікті сүйреп шығарды. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.

Шетел азаматтары Қазақстан құтқарушыларына өз алғыстарын білдіруде.

Наверх