ТЖМ құтқарушылары жоғалған туристерді тауып алды

Бөлісу:
ТЖМ құтқарушылары жоғалған туристерді тауып алды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Талғар ауданында 1994 жылы туған екі ер адам тауға көтеріліп, бірақ адасып, өз беттерінше таудан түсе алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тәуліктің қараңғы уақытына және ағаштарды құлатқан дауылды желге қарамастан Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы туристерді Қотырбұлақ шатқалынан тауып, оларды қауіпсіз жерге алып барды.

Туристер медициналық көмекке мұқтаж емес.

ТЖМ таудағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы