ТЖМ құтқарушылары жарылыстардың алдын алды

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында Березовская көшесінде орналасқан уақытша жұмыс істемейтін кәуапхана ғимараты өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

 ТЖМ баспасөз қызметі 9 Желтоқсан 2024 2024, 13:21
9 Желтоқсан 2024 2024, 13:21
579
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында Березовская көшесінде орналасқан уақытша жұмыс істемейтін кәуапхана ғимараты өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Өрт сөндірушілер келген кезде жиһаздар мен жеке заттар жанып, құрылыстан қою түтін шығып жатты. 

Құрылған газтүтіннен қорғау қызметінің буыны өрт аймағынан 1 газ және 1 оттегі баллонын шығарып, жарылыстардың алдын алды. 

Өрт 30 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. 
 

Наверх