ТЖМ құтқарушылары тауда 2 баланы іздеп тапты

Кеше кешке 2 бала Алматы облысы Талғар ауданы Талғарұл қ. жеке тұрғын үйдің алдында көшеде ойнап жүріп, жоғалып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ТЖМ баспасөз қызметі 1 Мамыр 2025 2025, 09:45
1 Мамыр 2025 2025, 09:45
535
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Кеше кешке 2 бала Алматы облысы Талғар ауданы Талғарұл қ. жеке тұрғын үйдің алдында көшеде ойнап жүріп, жоғалып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өздігінше іздеп таба алмаған ата-аналар 112 нөміріне хабарласып, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

Тәуліктің қараңғы уақытына қарамастан түні бойы жалғастырылған іздеу жұмыстарына 2 кинологиялық есептоп пен ұшқышсыз ұшу аппараты тартылды. Бұған қоса, іздеуге балалардың жақындары, жергілікті тұрғындар мен полиция өкілдері қатысты.

Жұмыла жасалған жұмыс нәтижесінде 2020 ж.т. ұл бала үйден 3 км қашықтықта таулы аймақта түн ішінде табылса, 2015 ж.т. әпкесі Қотыр деген таулы аймақтан үйден шамамен 10 км жерде таңертең ерте бірақ табылды. Балалар дәрігерлердің қарауынан кейін ата-аналарына табысталды.

Наверх