Алтынсарин ауданында Лихачевка ауылынан 10 км. қашықтықта ашық аумақта құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Желдің екпіні 25 м/с дейін күшейгендіктен, Лермонтов орманшылығының орман учаскелеріне өрттің таралу қаупі туындады.
Өрт сөндіру жұмыстарын ТЖМ және орман шаруашылығының қызметкерлері жүргізді. Сондай-ақ ҚР ҰҚК авиациялық қызметінің СТҚ бар тікұшақ тартылды. Авиация жалпы көлемі 8 тоннадан астам 4 су төгуді жүргізді.
Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 10 мың гектар алаңда өрттің таралуына жол берілмеді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.