ТЖМ құтқарушылары қазақстандықтарды тасымалдау үшін Қырғызстанға барды

30 Маусым 2024, 22:50
280
Бөлісу:
ТЖМ құтқарушылары қазақстандықтарды тасымалдау үшін Қырғызстанға барды
Фото: скрин

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары ҚР ҚМ әуе кемесімен ел азаматтарын эвакуациялау және қаза тапқандардың денелерін елімізге тасымалдау үшін Қырғыз Республикасының Ош қаласына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұшақ бортында ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен психологтары бар.

ТЖМ мәліметінше, бортпен Қырғызстанның сел тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына жалпы салмағы 2,7 тонна азық-түлік түрінде гуманитарлық көмек жеткізілді.

Жамбыл облысы ТЖД бастығы Арман Тоқанов іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін Ош облысы Ноокат ауданының ТЖ аймағына жіберілді.

Бұған дейін ҚР ТЖМ ахуалдық орталығында жедел штаб құрылды, ондағы мамандар Қырғызстан ТЖМ және біздің елшілікпен тұрақты байланыста, - деп жазылған мәліметте.

Өскеменде ШҚО ТЖД бастығы Рашид Биляловтың үйлестіруімен екі тәулік бойы жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Штаб базасында жергілікті атқарушы органдармен бірге қайтыс болған балалардың туыстарына психологиялық көмек көрсетілуде.

Өзгелердің жаңалығы