ТЖМ құтқарушылары қар құрсауында қалған тұрғынға көмек көрсетті

Құтқарушылар Ұлытау облысы Сәтбаев қаласынан 40 шақырым жерде қар құрсауында қалған жол талғамайтын көліктің жүргізушісіне көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 скрин 9 Ақпан 2025 2025, 00:29
9 Ақпан 2025 2025, 00:29
585
Фото: скрин

Құтқарушылар Ұлытау облысы Сәтбаев қаласынан 40 шақырым жерде қар құрсауында қалған жол талғамайтын көліктің жүргізушісіне көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оқиға орнына жедел келіп, жолды қардан тазартып, автокөлікті жолдың тазартылған учаскесіне итеріп шығарды. Жүргізушіге медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ азаматтарға қыс мезгілінде жүру кезінде сақтық шараларын сақтау және жолдардағы ықтимал қолайсыз жағдайларға дайын болу қажеттігін ескертеді.

Наверх