ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде 90-нан астам адамды құтқарып, эвакуациялады

Бүгiн, 13:18
113
Бөлісу:
ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде 90-нан астам адамды құтқарып, эвакуациялады
PHOTO
Фото: ТЖМ

2024 жылғы 16 қыркүйекте кешке 101 нөміріне Назарбаев көшесінің бойындағы 9 қабатты тұрғын үйде шыққан өрт туралы телефон хабарламасы келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ сілтеме жасап.

Шақыру орнына Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері шықты. Оқиға орнына келгеннен кейін екінші қабатта пәтер жанып жатқаны анықталды, кіреберісте қатты түтін байқалды.

ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде 90-нан астам адамды құтқарып, эвакуациялады

Өрт сөндірушілер 70 тұрғынды, оның ішінде 10 баланы эвакуациялады. 24 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылды.

Сағат 21.47-де өрт оқшауланды, сағат 22.00-де толығымен сөндірілді. Өрт сөндірушілердің үйлестірілген іс-әрекеті арқасында көрші пәтерлерге қауіп төнген жоқ. Оқиға орнында ТЖД жеке құрамынан 60 адам және 16 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрттің салдарынан пәтер мен кіреберістің терезе саңылауы өртеніп, пәтер мен кіреберісі күйеге толды. Өрттің ауданы 9 шаршы метрді құрады.

ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде 90-нан астам адамды құтқарып, эвакуациялады

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі-электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігі туралы ескертеді, бірінші кезекте – электр аспаптарын пайдалану кезінде бұзушылықтарға жол бермеу. Өрттің салдарын жоюдан гөрі оның алдын алған жөн.

ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде 90-нан астам адамды құтқарып, эвакуациялады
Өзгелердің жаңалығы