Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ТЖМ құтқарушылары мен әскерилер шекарада кептелісте қалған жүргізушілерге көмек көрсетуде

30 Маусым 2025, 22:48
819
Бөлісу:
 ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Мәртөк ауданындағы "Жайсан" шекаралық бақылау-өткізу бекетінде ауыр жүк көліктерінің кептелісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына дереу ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары мен №20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жіберілді.

ТЖМ құтқарушылары мен әскерилер шекарада кептелісте қалған жүргізушілерге көмек көрсетуде

Құтқарушылар тарапынан жүргізушілерге жедел көмек ұйымдастырылды: ыстық тамақ, ауыз су беріліп, медициналық көмек көрсетілуде, санитарлық бақылау жүргізіліп, қажетті ақпараттық қолдау көрсетілуде.

ТЖМ құтқарушылары мен әскерилер шекарада кептелісте қалған жүргізушілерге көмек көрсетуде

Кептелістің негізгі себебі – шекарадан визасыз өту үшін QR-кодты міндетті түрде пайдалану жөніндегі жаңа тәртіптің енгізілуі.

Қазіргі таңда жағдай тұрақты бақылауда. Жүргізушілерге қажетті көмекті көрсету бойынша барлық шаралар уақтылы қабылданып, ахуалды тұрақтандыру жұмыстары жалғасуда, – деп жазылған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы