"Мұз-2024" акциясы аясында Жетісу облысы ТЖД қызметкерлері мұздағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Сондай-ақ ведомство қысқы балық аулау ережелерін еске салды.
Мұздың қалыңдығы 25 см-ден кем болмауы керек. Құтқару құралдарын өзіңізбен бірге алып жүріңіз:
- ысқырық, құтқару шиілдері, жилет, ұзындығы кемінде 12 метр болатын арқан;
- ұзындығы кемінде 2 метрлік таяқ;
- су өткізбейтін қаптамадағы мобильді телефон.
Тыйым салынады:
- жұқа және әлсіз мұзға шығу;
- мұздың бір бөлігіне топтасу;
- жарықтарға, ойықтарға жақындау;
- мұз үстінде бірнеше лунка жасау;
- мұз үстінде от жағу.
Қауіпсіздік ережелерін бұзғандарға ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.