Төтенше жағдайлар министрлігі елімізде күн райының суытуына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің бірнеше өңірінде ауа райының нашарлауы: қатты жауын-шашын, ауа температурасының төмендеуі, желдің күшеюі, боран және көктайғақ күтілуде.
ТЖМ келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
- әсіресе түнде және дауылды ауа-райында алыс қашықтыққа сапарлар мен жаяу жүруден аулақ болыңыз;
- ауа-райы жағдайлары мен көлік құралдарының қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты қадағалаңыз;
- ғимараттардан шығуға асықпаңыз (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);
- қатты жел болған жағдайда жақын маңдағы ғимаратқа бару керек;
- ағаштардан, ілулі құрылымдардан, электр желілерінен және билбордтардан аулақ болыңыз;
- үйлердің қабырғаларына жақын жерде қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатыр материалдары құлап кетуі мүмкін;
- қоғамдық көліктің ашық аялдамаларында, билбордтардың, ағаштардың астында, аяқталмаған ғимараттарда жасырынуға болмайды;
- балаларды ерекше бақылауға алыңыз, оларды қараусыз қалдырмау маңызды;
- жеке көлікті ағаштардан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады.