Елімізде ауа райының нашарлауына байланысты құтқару қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша еліміздің басым бөлігінде ауа райының нашарлауы күтілуде: боран, жауын-шашын, жел екпіні, тұман және көктайғақ болады.
Ауа райының нашарлауы кезінде келесі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет: дауыл туралы ескертулерді қадағалау; жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды ескеру; алыс қашықтыққа саяхаттаудан және жаяу жүруден бас тарту, – делінген ТЖМ хабарламасында.