Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) көлікті қыс мезгіліне дайындау жөнінде маңызды жадынама жариялады.
Мамандардың айтуынша, күн суытқан кезде жүргізушілер көлікті қысқы маусымға дайындауға ерекше назар аударып, жолда қауіпсіздік талаптарын сақтауы керек.
Қар жаууы, көктайғақ, бұрқасын және көріну деңгейінің күрт нашарлауы жолдағы жағдайды едәуір қиындатуы мүмкін, – деп ескертті ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Ең алдымен, жолға шығар алдында ауа райы болжамы мен жолдағы жағдайды тексеру ұсынылады.
Дауылды ескерту жарияланып, көлік қозғалысына шектеу қойылған жағдайда, сапарды кейінге қалдырып, қауіпсіз жерде қалған жөн. Сондай-ақ жолдардың жабылуы мен қозғалысқа қойылған шектеулер туралы ресми ақпарат көздеріндегі хабарламаларды бақылау қажет. Жоспарланған істі орындау үшін өмірге қауіп төндіруге болмайды.
Егер ауа райы жолға шығуға мүмкіндік берсе, көліктің техникалық жағдайын тексеру керек.
Жолға шықпас бұрын жақындарыңызға қай бағытпен жүретініңізді және межелі жерге шамамен қай уақытта жететініңізді хабарлаңыз. Мүмкіндік болса, әсіресе алыс жолға шығарда, көліктің жанармай багын толтырып алыңыз, – деп кеңес берді ТЖМ баспасөз қызметі.
ТЖМ мамандарының айтуынша, қыс мезгілінде күтпеген жағдайларға дайын болу үшін көлікте қажетті заттар мен құралдардың қоры болуы керек.
Көліктің жүксалғышында мына заттарды ұстау ұсынылады:
Жолда төтенше жағдай туындаса, мүмкіндігінше қауіпсіз жерге тоқтап, апаттық дабыл шамдарын қосыңыз және жол қозғалысы ережелеріне сәйкес көлікті белгілеңіз. Қажет болмаса, көлікті қараусыз қалдырмаңыз. Оқиға туралы 112 нөмірі арқылы жедел қызметтерге хабарлаңыз, – деп ескертті ТЖМ баспасөз қызметі.
Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерді көлікті қысқа жауапкершілікпен дайындауға, ауа райын ескеруге және өз өмірі мен жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндірмеуге шақырды.