ТЖМ науқас әйелді тікұшақпен Ақтөбеге жеткізді

ТЖМ "Қазавиақұтқару" экипажы Санитарлық авиация бригадасымен бірлесіп, Қандыағаш қаласынан Ақтөбеге 1999 жылы туған әйелді жедел түрде жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 скрин 24 Қыркүйек 2025 2025, 08:38
24 Қыркүйек 2025 2025, 08:38
513
Фото: скрин

ТЖМ "Қазавиақұтқару" экипажы Санитарлық авиация бригадасымен бірлесіп, Қандыағаш қаласынан Ақтөбеге 1999 жылы туған әйелді жедел түрде жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Науқастың жағдайы шұғыл медициналық көмекті қажет еткендіктен, министрліктің тікұшағын пайдалану туралы шешім қабылданды.

Бұл қысқа мерзім ішінде алыс қашықтықты еңсеріп, науқасты ауруханаға уақытылы жеткізуге мүмкіндік берді.

Құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді әрекеті қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етіп, адам өмірін аман алып қалды.

Наверх