ТЖМ министрі тез салынатын өрт сөндіру бөлімшесінің құнын айтты

12 Қараша 2024, 11:53
245
Бөлісу:
ТЖМ министрі тез салынатын өрт сөндіру бөлімшесінің құнын айтты
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов жылдам салынатын өрт сөндіру бөлімшелерінің қандай болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еске салайық, осыған дейін ведомство басшысы елімізде өрт сөндіру бөлімшелерін салу тәсілі өзгеретінін айтқан еді.

Біздің талдау бойынша қазір қолданыстағы 1 өрт сөндіру депосының құны 2,5-3 млрд теңге болады. Ал салу мерзімі  2 жылға дейін созылады. Сонымен қатар елімізде 6-8 жыл бойы салынып келе жатқан 7 жоба бар. Тіпті кейбірінің ісі сотқа жетті. Тағы біреулері жобаға түзету енгізуге рұқсат сұрап отыр. Бұл дегеніміз біз сол жақтағы тұрғындарға тиісті қызмет көрсете алмаймыз. Ал біз айтып отырған жылдам салынатын деполар 3,5 айдың ішінде салынып, бірден қолданысқа беріледі. Ол деполардың құны 1-1,1 млрд теңгенің төңірегінде болады. Ол енді қай өңірде салынатынына байланысты. Теміржол желісі қалай тартылғаны маңызды, - деді Әрінов Үкіметтің баспасөз орталығында.

Сондай-ақ министр 120 млн теңгеге өрт сөндіретін 2 дрон сатып алғанын айтты. 

Өзгелердің жаңалығы