Жұмыс сапарының екінші күні ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев, департамент бастығы Нұрлан Жанабаев Құлсары қаласына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Келген кезде министр Жылыой ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің ғимараты мен өрт сөндіру бөлімін қарап, материалдық-техникалық базасымен танысты.
Содан соң"Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағымен Жем өзені мен "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты аумағына авэровизуалды шолу жасады.
Іс-шара барысында ықтимал су тасу қаупі және қамыс өртінің алдын алу шаралары, жүйелі өртті сөндіру тәсілдері талқыланды.