Вице-министр көктемгі су тасқынына дайындық туралы айтып берді

5 Ақпан 2021, 17:16
1708
Бөлісу:
Вице-министр көктемгі су тасқынына дайындық туралы айтып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг кезінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев баяндады.

2021 жылғы көктемгі кезеңдегі су тасқыны жағдайының ықтимал күрделенуіне жедел ден қою мақсатында Төтенше жағдайлар министрінің 29 қаңтардағы № 47 бұйрығымен халықты және облыс аумағын су тасқыны қаупінен қорғау бойынша іс-шаралар кешені анықталды, - деді ол.

Күлшімбаев көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларды жою бойынша ТЖМ Республикалық жедел штабы мен жедел тобының құрамы анықталғаны туралы айтты.

Жеке құрамның жалпы саны 10 мың адамнан астам және 1800 бірліктен астам техникасы бар азаматтық қорғау күштері мен құралдарының топтамасы құрылды. ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің күштері мен құралдарының резервтік топтары қосымша дайындалды, аймақтардан ірі су басу қаупі аз, жеке құрамның жалпы саны 651 адам, 187 бірлік техника, - деп түсіндірді вице-министр брифингте.

Сонымен қатар резервтік топтың құрамына Көкшетау техникалық институтының жиынтық жасағы кіреді.

Күштерді жедел ауыстыру және зардап шеккен халықты шұғыл эвакуациялау жағдайында «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшақтары әзірлікте болады. ТЖМ Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде зардап шеккен тұрғындар үшін 1000 адамға арналған 3 шатырлы лагерь және техниканы әзірлікке келтіру шараларын жүргізілуде, - деп айтты ТЖМ өкілі.

Оның сөзінше, өңірледе жергілікті атқарушы органдармен арнайы жұмыстар жүргізілуде.

Еске салсақ, брифингте Қазақстандағы су алып кету қаупі бар аймақтар аталды. Сондай-ақ су тасқынына қарсы күреске қанша қаржы бөлінгені де белгілі болды. Жалпы 5 жылда елімізде 160 елді мекенде су тасқыны болған.

Өзгелердің жаңалығы