Өткен тәулікте Қазақстан Республикасының аумағында 7 жеңіл автокөліктің жанған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.
- Павлодар қаласында жақын тұрған екі автокөлікке өрт ауыса отырып;
- Алматы облысында Жапек батыр және Жайнақ ауылдарының арасында;
- Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас ауылында;
- Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылында;
- Қостанай облысы Қостанай ауданы Тобыл қаласында;
- Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылында;
- Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында өртенгені белгілі болды.
- Барлық өрттер сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ автокөлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және электр жабдықтарын мерзімді диагностикадан өткізу қажеттігі туралы ескертеді. Автокөлік 5-7 минут ішінде толығымен жанып кетеді. Мүлкіңізді өрттен қорғаңыз!