ТЖМ екі кеншінің қалай аман қалғанын айтты

7 Қараша 2021, 18:16
2105
Бөлісу:
ТЖМ екі кеншінің қалай аман қалғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Онлайн брифинг кезінде Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин шахтадағы төтенше жағдай кезінде екі кеншінің қалай аман қалғанын айтты.

Диспетчерлік қызмет метан газының концентрациясы бірден 41%-ға артып кеткенін байқады. Алты кенші құтқару құралдарын киіп үлгермей, оқиға орнында қайтыс болған. Осы шахтаға кіреберісінде болған екі адам оларды пайдаланып үлгергендіктен, ауыр халде ауруханаға түсті, - деді министр.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин метанның бөлінуіне не себеп болғанын комиссия нақтылап, технологиялық процестердің бұзылғанын не бұзылмағанын анықтайтынын айтты.

Адамдардың өліміне себеп болған метан бөлінуі екені анық. Сот-медициналық сараптама өлімнің себептерін анықтаумен қатар жұмыс істейді. Бір-екі күннің ішінде сараптамадан кейін ресми қорытынды аламыз деп ойлаймын, - деп айтты ол.
Өзгелердің жаңалығы