ТЖМ басшысы Риддердегі өрттен зардап шеккендермен кездесті

24 Мамыр 2021, 12:15
3005
Бөлісу:
ТЖМ басшысы Риддердегі өрттен зардап шеккендермен кездесті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Семей қаласының № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде болып, жергілікті құтқарушылардың өрт сөндіру үшін қолданатын техникасымен танысты.

ТЖМ басшысы Риддердегі өрттен зардап шеккендермен кездесті

Сондай-ақ, ТЖМ басшысы 1927 жылы салынған ғимаратта орналасқан өрт-техникалық орталығының экспонаттарымен және көрмесімен танысты. Мұнда қызметтегі  тарихи сәттер, өртті атпен сөндіру және өрт сөндірушілердің каскаларын жасау стендтері, қаладағы алғашқы өрт сөндіру командасының қалыптасуының фотоматериалдары жинақталған.

ТЖМ басшысы Риддердегі өрттен зардап шеккендермен кездесті

Сапар соңында төтенше жағдайлар басшысы жедел басқару орталығында болып, өңірді төтенше жағдайлардан қорғау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

ТЖМ басшысы Риддердегі өрттен зардап шеккендермен кездесті

Бұған дейін Риддердегі өрттен зардап шеккен тұрғындармен ҚР Премьер-министрі Асқар Маминның кездескенін хабарлаған болатынбыз. ТЖМ басшысы Юрий Ильин осы сапар құрамында болды.

Өзгелердің жаңалығы