ТЖМ Атырау облысында 2 адамды құтқарды

Кешке Жылыой ауданының «Адай молла» мекенінен Күлсары қаласына екі ер адам автокөлікпен жолға шығып, межелі жерге жетпей, хабарсыз кеткен. Туыстары құтқарушылардың көмегіне жүгінген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 скрин 27 Ақпан 2025 2025, 05:22
27 Ақпан 2025 2025, 05:22
544
Фото: скрин

Кешке Жылыой ауданының «Адай молла» мекенінен Күлсары қаласына екі ер адам автокөлікпен жолға шығып, межелі жерге жетпей, хабарсыз кеткен. Туыстары құтқарушылардың көмегіне жүгінген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоғалғандармен мобильді байланыс болмаса да, тәжірибелі құтқарушылар жобалап қажет жер учаскесін зерттеп, тасымал құралы қар үйіндісінде тұрып қалған жолаушыларды қаладан 50 шақырым жерде аман-есен тапты.

Зардап шеккендер елді мекенге жеткізілді. Медициналық көмекті қажетсінбеген азаматтар алғыс білдірді.

Наверх